- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өрт салдары
Ақтауда үй өртеніп, 60 бала эвакуацияланды
Ақтауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан 60 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
29-ықшамаудандағы дүкендердің бірінде сөрелер өртенді. Осы себепті өртсөндірушілер бір тұрғын үйден 90-нан аса адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.
29-ықшамаудандағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан дүкенде 3 желтоқсанда таңғы уақытта сөрелер өртенді. Өрт салдарынан тұрғын үйден 91 адам эвакуацияланды, оның 60-ы балалар.
"Өрт сағат 05:30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оның себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек