- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда үсті-басы қанжоса...
Ақтауда үсті-басы қанжоса ер адам 4-қабаттан секіріп кетті
Желіде 4-қабаттан секіріп кеткен ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны 28а шағынауданының тұрғындары түсірген. Кадрлардан тұрғын үйлердің бірінде ер адам алдымен 4 қабаттың ашық терезесінде бірнеше минут отырғанын көруге болады. Ер адамның үсті-басы қанжоса, сонымен қатар қоршаулар мен балкон сырты да қанға малынған. Біраз уақыт ол пәтердің ішінде біреумен сөйлеседі, содан кейін орнынан тұрып, төмен секіреді.
View this post on Instagram
Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
ҚІЖК-нің 201-бабының тәртібінде тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә