Ақтауда ұшақ апатын суретке түсіргені үшін қамауға алын блогер бостандыққа шықты

Ақтауда ұшақ апатын суретке түсіргені үшін қамауға алын блогер бостандыққа шықты
Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Ақтауда ұшақ апатын суретке түсіргені үшін қамауға алынған блогер Азамат Сәрсенбаев бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты

"Қош келдің, 2025... Ер адамның басынан не өтпейді!? 10 күн бойы, үйден 150 шақырым алыста осы нәрсені көп ойладым. Шынымды айтсам, мұндай нәрсе басымнан өткеніне де ризамын. Жалпы, достар, көп нәрсе жазғым келеді. Бірақ ең алдымен әйелім мен балаларымды құшағыма басып, ыстық душқа түсіп, жылы жерде ұйықтап алғым келеді. Қалғанын сосын айтамын, себебі менің айтарым бар...", - дейді блогер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған жерді түсірген блогер ұсталғаны белгілі болды

Блогер бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.

"Мені ұстады. Ақтау қалалық полиция басқармасына бара жатырмын. Ұшақ апатқа ұшыраған жерді түсіргенім үшін ұстаған болуы мүмкін" деді ол.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, Сәрсенбаев қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталған.

"Ол оқиға орнында дрон ұшырып, құтқару және тергеу жұмыстарына кедергі келтірді және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Қазір құқықбұзушы полиция басқармасына жеткізілді, оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деді полиция.

Айта кетейік, бұған дейін блогер дрон көмегімен Ақтаудағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерді суретке түсіріп, жариялаған болатын.

Блогер 26 желтоқсанда қамауға алынды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина