- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда үш баласын...
Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталды
Фото:
polisia.kz
Ақтауда полиция кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдікпен олардың әкесін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтаудағы 27-шағынауданда орналасқан пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан