- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда тұрғындар "шіріген"...
Ақтауда тұрғындар "шіріген" үйде тұрып жатыр
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары жөндеу жұмысын жүргізіп беруді сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Шағынаудандардың біріндегі №3 және №4 тұрғын үйде тұратын адамдар үй апаттық жағдайда тұрғанын айтады. Бұл жерде жөндеу жұмысы кемінде 15 жыл бұрын жүргізілген.
Тұрғындар бірінші қабаттан бастап 11 қабатқа дейінгі жағдайды көрсетті.
Орнатылған екі лифттің тек біреуі жұмыс істеп тұр. Екіншісі қатты жел тұрса істемей қалады екен.
Пәтер иелері кооперативі өкілдері бұл сұрақ бойнша төрағаға жолығу керегін айтқан, алайда ол орнында болмай шықты. Диспетчердің сөзінше, төраға мереке күндерінен кейін жұмысқа қосылады екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина