- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда тұрғын үй...
Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылған жағдай: жарақат алған адамға қатысты жаңа дерек айтылды
Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі құлап, салдарынан жарақат алған 1994 жылғы ер адам әлі де ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Мамандар зардап шеккен адамның оң аяғына ота жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәліметінше, науқас травматология бөліміне түскен.
"Жәбірленуші стационарлық ем алып жатыр. Оған металлосинтез отасы жасалды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - деді медициналық мекемедегілер.
Еске салайық, 11 мамырда Ақтауда жазатайым оқиға болып, тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылып, бір адам мерт болды. Тағы екі адам зардап шекті.
Тұрғындардың айтуынша, маңдайшаны бұзған жұмысшылар сол шағынауданның тұрғын үй шаруашылық мекемесінің сантехниктері болған. Сонымен қатар, басылым мәліметінше, олар каскасыз және ешқандай құрал-жабдықтарсыз жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова