Ақтауда өрт салдарынан 10 қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтау әкімдігі 29 тамызда таңғы сағат 6:02-де 10 қабатты Otyrar city тұрғын үй кешенінің өртенгенін хабарлады. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, үйдің артқы жағындағы сыртқы қаптамада өрт шыққан. Алайда жалын пәтерлерді шарпымаған.
Өрт сағат 6:10-да сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенше 60 тұрғын үйден шығып үлгерді, тағы 15 адам, оның ішінде сегіз бала эвакуацияланды.
Әкімдік Otyrar city тұрғын үй кешенін К7 group құрылыс компаниясы қалпына келтіретінін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!