Ақтауда түнгі клубтағы төбелес адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.
Блогердің сөзінше, мамырдың басында бірнеше тұрғын жергілікті клубқа келуді жоспарлап жүрген. Олардың кейбірі клубқа кірген, ал қалғанын жасына байланысты кіргізбей қойған.
"Жігіттер жан-жаққа қарап, клубта жасөспірім қыздар да жүргенін айтқан. Ал күзетші тұрғындардан кетуін талап еткен. Артынша төбелес басталып, күзетшілердің бірі келген жігіттердің бірін ұрып құлатқан. Жігіт бордюрге басын ұрып, есінен танып қалған. Құлап түскен жігітті достары пәтерге алып кеткен. Ол есін жиып, басы ауырып тұрғанын айтып, ұйықтап қалған. Келесі күні миына қан құйылып, қайтыс болған", - дейді Азамат Сәрсенбаев.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, 31 жастағы күдікті ұсталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!