• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтауда төбелесті телефонына түсіріп алған мектеп оқушысының ата-анасы жазаланды

Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Ақтауда екі жасөспірім көшенің қақ ортасында төбелескен видео тарады. Жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 31 қаңтар күні Ақтаудағы 3-шағын ауданда болған. Екі адам төбелескен, тағы біреуі бәрін телефонына түсіріп алған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі балалардың кім екенін анықтап, ата-аналарын жауапқа тартты.

"Олардың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар осы оқиғаны ұялы телефонға түсірген жасөспірімнің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget