Ақтау тұрғыны Карина Изенова Instagram-парақшасында қала жағалауындағы 16 жыланның видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл құбылыс жергілікті тұрғындарды таңғалдырған.
Ақтау санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Каспий теңізінде адам үшін қауіпсіз теңіз жыланы бар, сондықтан оларды жоюдың мәні жоқ. Бұл адамдарда жылан жүрсе, ол демек улы әрі қауіпті болуы мүмкін деген секілді қорқыныш тудырады. Су жылы судан 50-60 метр қашықта жүруі мүмкін және ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл - жергілікті фаунаның бір бөлігі", - дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова.
Сарапшылар бұл жыландар су жылы екенін және олардың осы аймақта жүруі табиғи факторлармен байланысты екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі "Жеңіс" саябағында жылан демалушыларға қауіп төндірді деген хабар тарағаны туралы жазылған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Еркек пен баланың айырмашылығы неде?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз