Ақтауда белгілі балалар фтизиатры мен неонатологы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Демурова Валерия Михайловна 1940 жылы Томск облысындағы Кривошеино ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Томск мемлекеттік медицина институтын бітірген.
1977 жылы күйеуімен Шевченко, қазіргі Ақтау қаласына көшіп келді. 1978 жылы №1 қалалық ауруханада (медициналық бөлімше - 102) педиатр болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ол перзентханада неонатолог болып жұмыс істеді.
1983-1994 жылдары №1 емханада мектепке дейінгі балалар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылы 102 медициналық бөлімше басшысының орынбасары болды. 1997 жылы ол балалар фтизиатриясымен айналысып, келесі он жылын балалар туберкулезімен күресуге арнады.
2008-2019 жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте жұмыс істеді.
Өмірі мен қызметі барысында Валерия Михайловна саналы маман, жауапты тұлға ретінде беделге ие болды. "Халық Қаһарманы" сыйлығының иегері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!