Ақтауда тағы бір оқушы қауіпті ойын салдарынан жарақат алды

Ақтауда тағы бір оқушы қауіпті ойын салдарынан жарақат алды
Фото: Lada.kz

Ақтауда "Собачий кайф" деп аталатын қауіпті ойын салдарынан оқушы басынан қатты жарақат алып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 18 мамырда кешке 32В шағынауданындағы ойын алаңында болған. Бұл ойынды ойнау барысында 12 жастағы жасөспірім есінен танып, жерге құлап, басын ұрған. Артынша баланың денесі тырыса бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем шақырылғаннан кейін тек жарты сағат өткен соң жеткен. Жасөспірім шұғыл түрде Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Аурухананың қабылдау бөлімі 2012 жылы туған жасөспірім жабық бас-ми жарақатын алып, оның миы шайқалғанын растады.

"Науқастың жағдайы тұрақты, тиісті хаттама бойынша ем қабылдап жатыр", – деді дәрігерлер.

Еске салайық, бұған дейін де ақтаулық оқушылар арты өлімге әкеп соғуы мүмкін қауіпті ойын ойнағаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget