- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда суға батып...
Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқару тобы жігіттің денесін бүгін Солдат жағажайынан тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департамент өкілдері мәлімдеді.
"Іздеу жұмыстары барысында жігіттің денесі екі метр тереңнен, Солдат жағажайы маңындағы жағадан 300 метр қашықтау жерден табылды", - деді аймақ ТЖД өкілдері.
Қайғылы оқиға кеше кешке болған еді. Каспий теңізі жағалауындағы Солдат жағажайы маңында 2006 жылы туған жігіт суға батып кетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова