- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда суға батқан...
Ақтауда суға батқан жігіт төртінші күн іздестіріліп жатыр
Фото:
lada.kz
Ақтау маңында суға батқан жігітті іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылардың айтуынша, Ақтаудан 22 шақырым жерде суға батқан 24 жастағы жігітті іздеу төртінші күн қатарынан жалғасып жатыр.
"Іздестіруге 12 құтқарушы, үш техника, екі жүзу құралы және ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ, ҰҚК ШҚ департаментінің алты сүңгуірі мен бір техникасы жұмылдырылды", - делінген ТЖД хабарламасында.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 17 маусымда болған. Екі жігіт шомылып жүріп, олардың біреуі суға батып кетті, ал екіншісін құтқарушылар судан шығарып алды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда суға батқан жігіт іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова