- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда Спорт және...
Ақтауда Спорт және дене шынықтыру басқармасының экс-басшысы Қанат Жұмабаев ақталып шықты
Ақтауда былтыр тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстаған Спорт және дене шынықтыру басқармасының экс-басшысы Қанат Жұмабаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау қалалық сотында Спорт және дене шынықтыру бөлімінің экс-басшысына қатысты сот отырысы өтті.
Сот шешімі бойынша Қанат Жұмабаев ақталды.
Жұмабаев тоғыз айға жуық тергеуде болды. Бұл іске жәбірленуші ретінде "Каспий" футбол клубының атқарушы директоры Әлібек Урузғалиев тартылды.
Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Қанат Жұмабаев 2022 жылғы тамызда Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезінде жұмыс орнында ұсталған болатын. Басылым мәліметінше, шенеунік бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек