Ақтауда Шора су арнасынан ер адам өлі табылды. Құтқарушылар ер адамды 2 күн бойы іздеді. Ол 24 қыркүйекте балық аулап жатқанда суға батып кеткен деген болжам бар. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іздестіру-құтқару операциясына 10 құтқарушы, 3 мамандандырылған техника және Lider.kz іздеу қозғалысының еріктілері жұмылдырылды.
26 қыркүйекте сағат 12:08-де сүңгуірлер Шора су арнасының маңынан ер адамның денесін тапты.
Тағы да оқи отырыңыздар: От жағу қалай пайда болды? Оның маңызы туралы не айтасыңдар?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!