Ақтауда ішінде адамдар отырған катер жартасқа соғылды: қаза тапқандар бар

30 тамызда кешке Ақтауда Каспий теңізі айдынында қайғылы оқиға болды. Катер жартасқа соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, бұл оқиға туралы хабарлама сағат 22:56-да түскен. Катер 5А шағынауданы маңында жартасқа соғылған. Бортта жеті адам болған.

Құтқару операциясы кезінде бес адам жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылған.

Алдын ала мәлімет бойынша катердегі екі адамда құтқару кеудешесі болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар жағадан шамамен 500 метр қашықта екі адамның сүйегін тауып, судан шығарған.

Операцияға ТЖД-ның 35 қызметкері, төрт техника, төрт жүзу құралы жұмылдырылған. Сондай-ақ, оқиға орнында 10 полиция қызметкері, төрт техника, Апаттар медицинасы орталығының мамандары, бес жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!