Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуірден бері 9 халықаралық және 2 өңірлік есірткі жеткізу арнасын жойды, 1 фитозертхананың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, Ақтау әуежайында жалпы салмағы 1 келі болатын 114 апиын капсуласын іш құрылысына жасырып өткізбек болған шетелдік азамат ұсталған. Ал елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын жеткізген қазақстандық азамат ұсталған.

Бұдан бөлек, ірі көлемдегі көкнәр сабағын контрабанда жолымен алып өтті, таратты, сондай-ақ, осы шикізаттан есірткі өндірді деген күдікті адамдардың қылмыстық тобы әшкереленген.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі
"Барлығы 3,4 келі апиын, 9 келі гашиш, 11,4 келі синтетикалық есірткі, 18,5 келі гашиш майы, 26,4 келі марихуана, 110 грамм кокаин және 20 тонна көкнәр сабағы, сондай-ақ, 150 литрден аса прекурсор тәркіленді. 23 Қазақстан азаматы және 3 шетелдік ұсталды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова