- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда серфингке шыққан...
Ақтауда серфингке шыққан 19 жастағы жігітті теңіз ағыны алып кетті
Ақтауда серфингке шыққан жігітті теңіз ағыны алып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.
SUP-тақталарымен теңізге серуендеуге шыққан 2005 жылы туған екі жергілікті тұрғынды теңіз ағыны алып кетті.
"Жігіттердің бірі өздігінен жағаға шыға алды. Екіншісін ағын теңіздің терең тұсына қарай алып кетті. ТЖД қызметкерлері жағалауды патрульдеу кезінде жігітті құтқарды. Оны дереу жағаға жеткізді. Құтқарылған жігітке медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлады аймақтың ТЖД.
Құтқарушылар тұрғындарға желдің екпіні секундіне 9-10 метр болған кезде, әсіресе жел кері соққанда, үрлемелі жүзу құралдарымен және катамарандармен теңізге шықпауға кеңес береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек