- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда саудагерлерді алдап,...
Ақтауда саудагерлерді алдап, ақша жымқырған тұрғын қамауға алынды
Ақтауда адамдарды алдап, ақша өндірген әйелге қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс әкімінің телеграм парақшасына шағымданған тұрғынның айтуынша, 2004 жылы туған азаматша осы уақытқа дейін біршама адамның жеке сәйкестіндіру нөмірін алып, несие рәсімдеп келген. Оның осы уақытқа дейін адамдарға берешек қарызы 200 млн теңгеге жуықтаған.
"Г есімді азамат өз жақындарын да, саудагерлер мен кәсіпкерлерді де арзан мата алып беремін деп алдап, көп көлемде ақшасын алып, жымқырған. Ал ол қыздың анасы «сотқа жаза беріңіздер, бар дүниемді сатсам да қызымды шығарып аламын" деп отыр. Әкесі келген адамдарды қолынан сүйреп, көгерткен. Халыққа қауіпті адам деп неге тергеу изоляторына қамамайды? Сот процесін жеделдетуге болмай ма?" - дейді шағымданушы тұрғын.
Облыстық полиция басқармасы қазір алаяқтық іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - дейді облыстық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллақызы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан