- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда сантехник жазатайым...
Ақтауда сантехник жазатайым оқиғаға ұшырап, мерт болды
Ақтауда сантехник жазатайым оқиғаға ұшырап, мерт болды. Қаланың тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары сантехникті электр тогы соққанын, ол қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
17-шағынаудандағы №3 үй тұрғындарының айтуынша, "Каспий Тауэрс Сервис" коммуналдық компаниясының қызметкері 28 қазанда сағат 17:00 шамасында су басқан жертөледе жұмыс істеген. Кенет оны электр тогы соққан.
lada.kz/ Сергей Кораблев
Тұрғын үй кешені күзетшісінің айтуынша, зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған. Жедел жәрдем келгенде, оның қайтыс болғаны анықталған.
Қайтыс болған сантехниктің артында төрт баласы қалған.
Коммуналдық қызметкердің өлімін өңірдің Полиция департаменті растады. Оқиға орнында жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам тірідей өртеніп кеткені хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова