Аққуды Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары іздестіріп жатыр, бірақ әлі нәтиже жоқ. Алайда қала тұрғындары бір күн бұрын аққуды көргендерін мәлімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Lada.kz-ке" сілтеме жасап.
Жалғыз аққуды мейрамханада көргендерін хабарлаған ақтаулық ерлі-зайыптының айтуыларынша, аққу әрең ұшып, бірден қайта жерге қонған.
Lada журналистері облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жүгінді. Инспекция қазір құс тұмауы өршіп тұрғандықтан, адамдарға құсқа жақындап, ұстамауға кеңес берді.
Сонымен қатар, қорық мамандары да аққуды іздеуге шыққан. Олар жағалауды толық қарап шығып, тұрақта тұрған барлық көліктің жүргізушілерінен, сондай-ақ жағалауда жүрген адамдардан аққу туралы сұраған, бірақ тағы да нәтижесіз. Жалғыз аққу жоғалып кетті.
Инспекторлар аққуды тұрғындардың бірі ұстап алып, теңізге жіберген болуы мүмкін екенін айтты. Қаракөл көлінде қырылған мыңдаған аққудан кейін, ақтаулық тұрғындар жалғыз аққудың өмірі үшін алаңдаулы.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда көл жағасынан 30 аққу өлі табылғаны хабарланды. Ал кейін "Қаракөл" көлінің жағасынан 300-ден аса өлі аққу табылды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ауылға баратын дәрігерлерге қанша ақша беріледі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз