Ақтауда ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталған бухгалтер ақталды

Ақтауда ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталған бухгалтер ақталды

Ақтау қалалық соты ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталған бухгалтерді ақтап шықты. Мұндай шешімге тергеу барысындағы процестік заңбұзушылықтар себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтау қалалық сотының мәліметінше, "Әлем Құрылыс ltd" ЖШС-нің бас бухгалтері өзгенің мүлкін бірнеше рет, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен аса ірі көлемде ысырап етті деген айыппен (ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) сотқа тартылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол 2022 жылғы 10 қазаннан 2025 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта басқа адамдармен бірге 10 миллион теңге, 61 207 952 теңге 50 тиын және 72 071 213 теңгені иемденген.

Айыптаушы тарап оған кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және келтірілген шығынды өтетуді сұрады.

Ал қорғаушылар айыпталушыны ақтауды талап етті. Олар оның іс-әрекеті серіктестіктің құрылтайшыларының бірі әрі мүліктің иесінің нұсқауымен жасалғанын, ал ақша жалақы төлеуге жұмсалғанын алға тартты.

Сот ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша А-ның кінәсі дәлелденбегендіктен, ақтау үкімін шығарды. Сондай-ақ айыпталушыға заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін келтірілген зиянды өндіріп алу құқығы түсіндірілді.

Ақтау үкімі айыптың дәлелденбегендігіне байланысты қабылданды. Қылмыстық іс заң бұза отырып қозғалған: соталды тергеу органы арыздар мен хабарламаларды СТБТ-ға тіркеу тәртібін сақтамаған, ал бұл - қылмыстық процесті бастау үшін міндетті шарт. Іс арыз бен рапорт негізінде басталған, алайда онда нақты шығын сомасы мен оны растайтын құжаттар - тексеру актілері, ревизия және аудит нәтижелері болмаған. Бұдан бөлек, тергеушінің істі тоқтату туралы қаулысы жоғары тұрған прокурорлар тарапынан заңсыз күшін жойған.

Айыпталушының мойындау көрсетпелері оның кінәсін дәлелдеуге жеткіліксіз деп танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget