- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда полиция қызметкерін...
Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Ақтау қаласы ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Мangystaumedia.kz.
Басылым мәліметінше, 2 тамызда сағат 03:50 шамасында мойын тұсына алған жарақатпен полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.
"Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қаза болды. Қазір бұл іске күдікті 27 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті өкілдері.
Қаза тапқан азамат 26 жаста, Маңғыстау облысында туған. Үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.