- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда полицейлер шағын...
Ақтауда полицейлер шағын ауданды қоршауға алды
Ақтаудағы 7-шағын ауданда жүргізушілерді жаппай тексеру қала тұрғындарын әбігерге салды. Бұл жағдайға Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada сайтына сілтеме жасап.
Төңіректі полиция қоршауға алғанын қала тұрғындары хабарлаған.
"Себебі не екенін біреу біледі ме? Еш себепсіз олар маңайға кіріп-шыққандардың көлігінің ішін тексерді", - деді жүргізушілер.
Полиция департаменті "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы қазір қаланың барлық шағын аудандарында жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Құжаттар тексеріліп жатыр, қару-жарақ пен есірткінің бар-жоғы да тексерілуде. Жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы