Ақтауда полицей қызметтік көлікпен жол апатына ұшырады: видео

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 29 ақпан күні сағат 15:00 шамасында Ақтау халықаралық әуежайының маңында болған.

Фото: lada.kz

Toyota Avalon полиция көлігі аударылып кеткені белгілі болды.

Оқиға орнынан бір адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін ол үйіне жіберілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!