- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда өзіне қол...
Ақтауда өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
Ақтауда өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Lada.kz.
Басылым мәліметінше, оқиға кеше, 1 тамызда 8-шағынауданның 18-ғимаратында сағат 20:35 шамасында болған.
Кейін ер адамның тоғызыншы қабаттан секірмек болғаны түсірілген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас болған.
Видеодан ер адамның тоғызыншы қабаттың қоршауында тұрғанын, кейін көмекке келген ер адам оны артқа қарай аяғынан тартып алғанын көруге болады.
Г. Досымшалова