Ақтауда өртке оранған үйден мүгедектігі бар ер адам құтқарылды

Ақтауда полиция қызметкерлері өрт кезінде ер адамның өмірін аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 ақпанда түнде "102" жедел арнасына Ақтауда 4-шағынауданда орналасқан №50 тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу "Мираж-2" патрульдік экипажы жіберілді. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жағдайды жылдам бағалап, адамдарды құтқару шараларына кірісті.

Нәтижесінде түтінге толы пәтерден өздігінен шыға алмаған мүгедектігі бар ер адам қауіпсіз жерге эвакуацияланып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!