• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтауда опырылып жатқан жартас жұрттың сынына қалды

Фото: Видео кадры

Ақтау тұрғыны Альберт Кәрімов құрылыс жүргізіліп жатқан жартас аумағы опырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, жаңбырдан кейін жартас қирауы мүмкін. Оның себебі - көрнекті жердің үстінен жүргізіліп жатқан құрылыс.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдері осы мәселеге қатысты пікір білдірді. Мәліметке сүйенсек, қауіптің алдын алу мақсатында бұл аумақта қоршау орнатылған. 

"Жақын арада жартасты соқпақ аумағын күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін мердігерді анықтауға байқау жүргізіледі", - деп сендірді шенеуніктер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget