- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда өлі итбалықтардың...
Ақтауда өлі итбалықтардың өлексесі жағаға шықты
Фото:
lada.kz
Ақтауда өлі итбалықтардың өлексесі жағаға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлері Ақтаудағы қайық клубының маңында жағаға шыққан өлі итбалықтың өлексесін суретке түсіріп алған.
Куәгерлердің айтуынша, демалушылар жағадан алыстап кеткеннен кейін бірнеше минут өткен соң белгісіз біреулер итбалықты жағадан алып, көміп кеткен.
Айта кетейік, Каспий жағалауында өлі итбалықтың өлекселері бұған дейін де табылған. Өлі итбалықтар 3 маусымда да табылды. Ал мамыр айында Маңғыстау облысынан итбалықтар мен бекірелердің жаппай қырылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан