Ақтаудағы №2 емхананы су басты. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандар бұл жағдайға жылу батареясын сындырып алған науқас кінәлі екенін айтты. Ол жылу батареясына сүйеніп тұрғанда, батарея бір бөлігі сынып кеткен. Соның кесірінен екінші қабаттан атқылаған су төмендегі электр желісі шоғырланған қорапқа жетіп, қауіпсіздік дабылы қосылған.
"Қазір емхананың бірінші блогында жарық пен жылу сөндірілді. Ал екінші блокта барлығы жұмыс істеп тұр, науқастар кесте бойынша қабылданып жатыр. Оқиғаға байланысты емхана басшылығы тиісті мамандармен техникалық жұмыстарды қарқынды жүргізіп жатыр. Пациенттер №2 блокта қабылданады. Жылу жүйесіндегі ақаулар жойылғаннан кейін жылу мен жарық қайта қосылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.
Емхана басшылығының айтуынша, қазір сегіз бөлмені электр жарығымен қамтамасыз ететін қалқан жөнделіп жатыр. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!