Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жан шенеуніктердің кесірінен баспанасынан айырылып қала жаздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау обласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында талап қоюшы С.-ның жауапкер ТКШ бөлімін тұрғын үй кезегіне халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатының ішінде І топ мүгедегі санатымен 2017 жылғы 10 наурыздағы кезеңімен кезекке қоюға міндеттеу туралы әкімшілік ісі қаралды.
Сотта талап қоюшы С. І топ мүгедегі санатымен 2017 жылғы 10 наурыздан бастап тұрғын үй кезегінде тұрғаны анықталды. 2022 жылы талап қоюшы тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған деген жазумен есептен шығарылған, алайда талап қоюшы ешқайда қоныс аудармаған.
Сотта судья әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, олар ұсынған дәлелдермен және істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды зерттеген, нәтижесінде тараптар арасында дауды татуласу келісімімен реттеу туралы келісім жасалған.
Соттың ұйғарымымен тараптар арасында жасалған татуласу келісімі бекітілген, келісім шарттары бойынша жауапкер ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап екі ай мерзім ішінде талап қоюшыны тұрғын үй кезегіне халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатының ішінде І топ мүгедегі санатымен 2017 жылы 10 наурыздағы кезеңмен кезекке қоюға міндеттелді.
Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!