Ақтауда мектепке бомба қойылғаны туралы хабар тарады

Ақтауда мектепке бомба қойылғаны туралы хабар тарады

Белгісіз адамдар Ақтауда 14-шағын аудандағы №1 мектепте бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына құқық қорғау органдары мен басқа да төтенше қызметтер жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлер мектеп жанында полиция, өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерінің жиналғанын видеоға түсірген. Толық тексеру нәтижесінде шақырту жалған екені анықталды.

"Бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина