№28 жалпы білім беру мектебінде оқитын 16 жастағы жасөспірім екінші тоқсан басталғалы ауырып, сабаққа келмеген. Дәрігерлер оған диагнозды қарашаның 25-і күні қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan-ға сілтеме жасап.
Оқушы қазір ауруханада. Жағдайы қалыпты. Тиісті ем-домын алып жатыр. Ал осы оқиғадан кейін мектепте дезинфекциялық шаралар басталған.
Мамандар мұғалімдердің медициналық кітапшаларын тексеріп, оқушының сыныптастары мен ұстаздары түгел тексеруден өтіп жатыр.
"Сақтық шараларын жасап, сыныбындағы оқушыларды түгел флюраға түсірдік. Ата-анасының рұқсатымен барлығына манту салынды. Байланыста сабақ беріп жүрген мұғалімнің барлығы флюраға түсіп келді, барлығы таза. Ешқандай қауіпті ешнәрсе жоқ. Енді сыныбында сақтық шараларын, дезинфекция шаралары бәрі жасалып жатыр", - деді № 28 жалпы білім беру мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлниса Жоламанова.
Еске салайық, туберкулез - жұқпалы ауру. Ауру симптоматикасыз болуы мүмкін. Анық байқалмайды. Сондықтан дәрігерлер жыл сайын бір рет қаралып, флюорографияға түсуге кеңес береді. Ал басты белгілеріне жөтел, әлсіздік және температура жатады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!