Әлеуметтік желіде Ақтаудағы мектептердің бірінің дәлізінде оқушылар жиналып қалғаны, кептеліс пайда болғаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Желіде осындай видео тарап жатыр. Қашан, қайда болғаны белгісіз", - деп жазылған видео сипаттамасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Маңғыстау облысы Білім басқармасы мәліметінше, бұл жағдай Ақтау қаласындағы №11 лицейде болғаны анықталған.
"23 ақпанда екінші ауысымдағы оқушылардың 6-сабағы аяқталғаннан кейін киім ілетін жерге жаппай бағытталуына байланысты шамамен 3 минут уақытша кептеліс болған. Бұл уақытта кезекші мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі бақылаған. Тексеріс барысында құқықбұзушылықтар мен оқушылардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар анықталған жоқ. Мектеп әкімшілігіне қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды. Қазір оқу процесі қалыпты режимде жалғасып жатыр. Мәселе Білім бөлімінің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова