Ақтаудағы №10 мектептегі оқушылардың ата-аналары күзетшіні балаға тиісіп, зорламақшы болды деп айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған аудиохабарламада демалыс күндері №10 мектептің ауласында кәмелетке толмаған қыздардың ойнап жүргені айтылған. Олардың бірін оқу орнының күзетшісі кіреберіске шақырып алған. Содан кейін ол қызды күзет үстелінің артына апарып, оған тиісе бастаған. Бала қашып құтылған.
Зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз жазғаны белгілі болды.
Бұл фактіні мектептің өзі растап, оқиға жексенбі, 12 мамыр күні болғанын хабарлады. Күзетші дереу қамауға алынды. Күзет агенттігіне қарсы іс қозғалды.
Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!