- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда "қыз зорлана...
Ақтауда "қыз зорлана жаздаған": полиция шын мәнінде не болғанын айтты
Instagram-да Green Plaza тұрғынүй кешенінің маңында түнде түсірілген видео жарияланды. Жазбада қыз зорлық-зомбылықтың құрбаны бола жаздағаны айтылады. Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілі бұл ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, қыз зорлаушылардан құтылмақ болып, пәтерден қашып шыққан.
"Қыздар, сақ болыңыздар! Бүгін түнде Ақтауда (Green Plaza ТК) зорлық-зомбылық жасала жаздады: қыз пәтерден шығып үлгерді де, төменгі қабатқа секіріп, жүгірді. Бір адам ұсталды, қалғандары қашып кетті дейді. Қыздың қолында көгерген жерлер болды", - делінген видео жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция департаменті мәліметінше, 17-шағынаудандағы оқиға 20 тамызда сағат 22:39 шамасында болған. Оқиға куәгерлері "102" нөміріне қоңырау шалып, қыздың көмек сұрап жатқанын айтты.
"Бұл мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ер адам мен қыз келіспей, арты жанжалға ұласқаны анықталды. 30 жастағы ер адам мен 21 жастағы қыз Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бір-біріне арыз-шағымы жоқ", - деп түсіндірді полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова