Ақтау соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қылмыстық топ 2016-2018 жылдар аралығында "құрылыс материалдарын жеткіземіз" деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 миллиард теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жаза арқалап, жауапқа тартылған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес