Ақтауда Mercedes маркалы жеңіл автокөлігінің толықтай жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 32 б шағынауданы 16/3 құрылысы бітпеген ғимарат аумағында болған.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Жану салдарынан ғимараттың жаны ысталған.
"Өртті сөндіруге 2 өрт сөндіру техникасы, 8 қызметкер жұмылдырылды. Өрт 20 сағат 16 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші анықтаушысы анықтап жатыр", - деді басқарманың баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!