Ақтауда курьер 15 жастағы қызға тиіспек болған. Бұл туралы қыздың анасы Lada.kz редакциясына айтып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 20 қаңтарда болған. Әйел адам жұмыс күнінің соңына қарай үйіне бургер тапсырыс берген. 15 жастағы қызы інісі және сіңлісімен мультфильм көріп отырған кезде есік ашылған. Аналары жұмыстан келді деп қуанып кеткен қыз қарсы алуға шыққан. Алайда ол анасы мен есікті қақпай кірген курбер болып шыққан.
Курьер үйде ересектерден ешкім жоғын түсініп, 15 жастағы қызға танысуды ұсынған.
"Ол қызымның қолын ұстап алған. Қызым қорқып, курьерді итеріп жіберіп, есікті жауып алған. Бұл жайт туралы жеткізу қызметіне айттым. Сол кезде курьер қызыма жазып жатырмын екен деп ойлап менің нөміріме танысуды қайтадан ұсынды. Бірақ маған жазып жатқанын түсінген курьер мені бірден бұғаттап тастады", - дейді әйел адам.
Артынша әйел адам полицияға жүгініп, учаскелік полицей келген. Осы сәтте курьер хабарласып, жеткізу қызметі арыз жазайын деп жатқанын айтқан. Учаскелік полицей курьерге полиция бөліміне келуі керегін жеткізген.
Бірнеше уақыттан кейін полиция бөліміне ювеналды полиция қызметкері келіп арыз қабылданғанын, алайда қылмыс құрамы жоғын, себебі курьер қыздың интим жерлерін ұстамағанын айтқан. Сондықтан бұл жағдайда жас баланы бүлдіру туралы бапты қолдану мүмкін болмаған.
Нәтижесінде учаскелік полицей курьерге ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша хаттама рәсімделуі мүмкін екенін, одан артық жаза қолданылмайтынын жеткізген.
Енді әйел адам прокуратураға жүгінбек.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!