- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда күн қатты...
Ақтауда күн қатты ыстық: қала тұрғыны далада жұмыртқа қуырмақ болды
Фото:
видеодан кадр
Ақтау тұрғыны күн астында жерге жұмыртқа қуырмақ болған. Бұл әрекетін ол видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау қаласының тұрғыны Антонина әлеуметтік желілерден қалада термометр бағаны 52 градусқа жеткенін көргенін айтты.
"Тәжірибе жасап, табаны күн сәулесіне қыздырып, жұмыртқаны қуырып көрмек болдым", - деді ол.
Ол бүкіл процесті видеоға түсірген. Алайда тәжірибе сәтсіз аяқталды. Жұмыртқа күн астында қуырылмаған.
Айта кетейік, бұған дейін мамандар қазақстандықтарға ауа райы қатты ыстық болатынын ескерткен еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова