Ақтаудағы 6-шағынауданның тұрғындары жалаңаш жүрген ер адамға шағымданып, полиция шақырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
22-үйдің ауласында белгісіз біреу жалаңаш күйде дауыстап кітап оқып отырған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына келген, алайда ер адам пәтеріне кіріп үлгерген.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам дүкенге кіріп, сусындар салынған тоңазытқышты аударып, балаларды қорқытқан.
"Алғашында шорты киіп кірді. Сосын шықты да, киімсіз қайта кірді, қайда шешінгенін білмейміз. Ол дүкенге жалаңаш кірді, ал сатушы есікті іштен жауып алды. Ол қорқып кетті. Есікті, сосын сусындар салынған тоңазытқышты теуіп жіберді, ол құлады. Бәрі дүкеннен жүгіріп шықты, полиция шақырылды. Олар өте тез келді. Бірақ ол үйіне кетіп қалды. Полицейлер ер адамды шақырды, ол алдымен айқайлап, сосын олармен төбелеспекші болды", - дейді куәгерлер.
Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды киіндіріп, бекетке алып кеткен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!