Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде жарылыс болды

Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде жарылыс болды
Фото: ТЖМ/lada.kz

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 28 қазанда сағат 9:03-те 32В шағынауданында "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкер, 4 техника жіберілген.

Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс салдарынан үш ересек адам және екі бала зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget