Ақтауда көпқабатты үйден өрт шығып, құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 31-шағынауданда орналасқан алты қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде болған. ҚР ТЖМ мәліметінше, бүгін, 2 мамырда жертөледе қоқыс жанған.
Өрт туралы хабарлама түскен соң оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Олардың үйлесімді әрекетінің арқасында жалын тез арада оқшауланып, тұрғын қабаттарға таралуына жол берілмеді.
Өртті сөндіру және барлау жұмыстары кезінде ғимараттан 14 адам эвакуацияланды. Олардың сегізі - бала. Өрт аз уақыт ішінде толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz