- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда көпқабатты үй...
Ақтауда көпқабатты үй маңынан әйел өлі табылды
Фото:
lada.kz
Ақтауда көпқабатты үй маңынан әйелдің мәйіті табылды. Белгісіз әйелдің денесін сол үйдің тұрғындары тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
№24 тұрғын үйдің тұрғындары әйелдің денесін 12 мамырда таңғы сағат 09:00 шамасында байқаған. Ол етпетінен жатқан.
Тоғыз қабатты үй тұрғындарының айтуынша, әйел шамамен 50 жаста көрінеді, ол бұл үйде тұрмаған және оны тұрғындар танымайды. Адамдар көмек сұраған дауысты естімеген.
Өлімнің себебі әлі белгісіз. Оқиға орнында қан ізі табылмаған. Қазір учаскелік инспектордың үй-үйді аралап тексеріп жатқаны атап өтілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан