- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда көлік түйені...
Ақтауда көлік түйені қағып өлтірді: зардап шеккендер бар
Ақтауда жол апаты болды. Жүргізуші түйені қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Өңірлік Полиция департаменті мәліметінше, 14 шілдеде сағат 9:20-да "102" кезекшісіне Ақтау әуежайына бара жатқан жолда оқыс оқиға болғаны туралы хабарлама түскен. Infinity көлігінің жүргізушісі түйені қағып кеткен. Екі зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілгені айтылды.
Басылым мәліметінше, жануар оқиға орнында өліп қалған.
"Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы ("Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адамдардың денсаулығына зиян келтiру, көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi зақымдау салдарынан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы") бойынша хаттама толтырылды. Ол 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе тоғыз айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын қарастырады", - деп жазды басылым.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан