Ақтауда көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

Ақтауда көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды
Фото: Lada.kz

Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

"Ол 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болуына орай нақты қызметтік міндетін атқармаған", - деп жазылған хабарламада.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget