Ақтауда көлік азық-түлік дүкеніне кіріп кетіп, салдарынан 19 жастағы бойжеткен зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға салдарынан 19 жастағы бойжеткен зардап шекті.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың ішкі ағзалары зақымдалып, денесі көгерген.
Облыстық полиция департаменті жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.
"Көлік уақытша ұстау изоляторына қойылды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысынан кейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз