Ақтауда көлік аударылып, бағанаға соғылған: зардап шеккендер бар

Ақтауда жол апатынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada басылымына сілтеме жасап.

"Ботаникалық бақ пен 11А ықшамауданы арасындағы жол апаты туралы "102" кезекшісіне 25 желтоқсанда сағат 02.30-да қоңырау түсті. Mercedes Benz көлігінің 27 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып, бағанаға соғылған", - делінген ПД хабарламасында.

Жол уақытша жабылғаны айтылды. Жол апатынан үш адам зардап шеккені белгілі болды. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Тексеруден кейін зардап шеккендердің бірі үйіне жіберілді.

Көлік айып тұрағына қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!