Ақтауда көл жағасында 30 аққу өлі табылды

Ақтауда Қаракөл маңында 30 сыбырлақ аққу өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мамандар құстардың неден өлгенін анықтап жатыр. Қарақия-Қаракөл табиғи қорығының инспекторлары көлдің жағасында 21 желтоқсанда күзет жұмыстарын жүргізу барысында отыз бас аққу өлі жатқанын анықтаған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына баяндалды.


Фото: inaktau.kz

Құстардың неден өлгенін анықтау мақсатында сынамалар алынды. 


Фото: inaktau.kz

"26 желтоқсанда "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС вирустар экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері (Алматы – прим қаласында орналасқан. Ермұхаммет Қасымбеков аққулардан алынған сынамаларды зерделеу бойынша тиісті зертханалық жұмыстар жүргізіп жатыр", - дейді қорық өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз